Макрон төрт жылдағы кірісін жариялады

761

Оның 127 мың еуро көлемінде қарызы бар.

Макрон төрт жылдағы кірісін жариялады Фото: reuters.com

Франция президенті Эммануэль Макрон өкілеттігінің аяқталуына алты ай қалғанда Конституциялық Кеңеске өзінің табысы туралы декларацияны тапсырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Journal Officiel басылымына сілтеме жасап. Ол 2017 жылы президент болып сайланғанн бері 1 миллион еуро көлемінде табыс тапқанын мәлімдеді.

Макрон төрт жыл ішіндегі кірісін алғаш рет жариялап отыр. Бірінші жылы ол  115 мың еуро тапқан. Келесі үш жылдағы кірісінің көлемі – шамамен 750 мың еуро,  биылғысы –174 мың еуро. Макрон 127 мың еуро көлемінде қарызды, яғни несиені өтеуі тиіс.
Сонымен қатар Франция президенті өзінің жеке көлігі жоқ екенін жариялады. Декларацияда оның жылжымайтын мүлкі де жоқ екендігі жазылған. Бірақ оның әйелі Бриджит Макрон үйдің иесі ретінде тіркелген.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу