Макрон Украинаға қатысты бұрын-соңды болмаған жоспар туралы айтты

1312

Владимир Зеленский бұл жоспардан хабардар. 

Макрон Украинаға қатысты бұрын-соңды болмаған жоспар туралы айтты Фото: РБК

Франция президенті Эммануэль Макрон Украинаға қатысты баламалы бейбіт жоспар туралы айтып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Америка дауысы" басылымына сілтеме жасап.

Макрон АҚШ пен Ресей арасындағы уақытша бітімге сенбейтінін айтты. Франция мен Ұлыбритания әуе кеңістігінде, теңіздерде және энергетикалық инфрақұрылымға соққы жасауды бір айға тоқтату туралы жоспар ұсынып отыр. Десек те, тиісті бітім жердегі ұрыс әрекеттеріне қатысты болмайды. 

"Егер уақытша бітім жасалса, оның фронтта сақталуын баөылау қиынға соғады", - деді Макрон.

Екінші қадам – Украинаға еуропалық бітімгерлерді жіберу. Бұл бейбіт келісім жасалғаннан кейін ғана жүзеге асуы мүмкін. 

"Алдағы апталарда Украина жерінде еуропалық әскер болмайды", - деп атап өтті Франция басшысы.

Украина президенті Владимир Зеленский бұл жоспардан хабардар екенін айтты. 

2 наурыз күні Лондонда Украинадағы бейбітшілікке қол жеткізу жөніндегі саммит өтті. Оған Еуропаның 15 елінің басшылары, Түркия, Канада, НАТО және ЕО өкілдері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу