Макрон жұбайымен болған жағдайға қатысты түсініктеме берді

155

Liberation басылымының хабарлауынша, оқиға ұшақ есігі ашылған сәтте орын алған, видеода президенттің бетінен шапалақ тигендей көрінеді.

Макрон жұбайымен болған жағдайға қатысты түсініктеме берді Фото: бейнежазбадан

Франция Президенті Эммануэль Макрон Вьетнамға сапары кезінде жұбайы Бриджит Макронмен болған бір оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Кейін президент пен бірінші ханым сабырмен ұшақтан түскен.

Бұл жағдайға қатысты Елисей сарайы ресми мәлімдеме жасап, мұның тек екеуара қалжың екенін атап өтті. Айтуларынша, бұл ресми іс-шара алдында жүйкені босатып, сабыр табудың өзіндік тәсілі болған.

Сондай-ақ, Елисей сарайы бұл оқиғаның ешқандай астары жоқ екенін айтып, "конспирология теоретиктерінің назарын аударатын жайт емес" деп бағалады.

Бұған дейін Францияда жарықтың екінші рет өшуі қоғамда қызу талқыланып, оның диверсия болуы мүмкін екені айтылған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу