Макронның халықпен кездесуі жұмыртқа атқылаумен аяқталды

549

Эммануэль Макрон сайлау алды науқанын бастап кетті, алайда жақында қабылданған зейнетақы реформасына қарсылық әлі басылмаған көрінеді.  

Макронның халықпен кездесуі жұмыртқа атқылаумен аяқталды Фото: РИА Новости

Эльзас қаласында жұртшылықпен кездесу барысында Франция басшысына жұмыртқа лақтырылып, дәл басына тиді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбалардан күзетшілер Президентті барынша қорғамақ болғанымен, жұмыртқаның басына тигенін көруге болады.  Кейін қауіпсіздік қызметкерлері оны ашуға мінген қалың көпшілік арасынан алып кетті.

Жұмыртқамен атқылау Макрон үшін жаңалық болмас, себебі мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. 2021 жылдың қыркүйегінде Лиондағы халықаралық тамақтандыру және қонақжайлылық жәрмеңкесі аясында Макрон көрмені аралап бара жатқанда бәз біреу оған жұмыртқа лақтырды. Ол кезде президенттің иығы былғанған еді. Қауіпсіздік қызметі шабуылдаушыны дереу қолға түсірді.

2017 жылы тағы бір "жұмыртқамен шабуыл" есте қалды. Ол кезде Макрон президенттікке үміткер болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу