Макронның келесі елі – Өзбекстан

592

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Өзбекстанға ресми сапармен барды.

Макронның келесі елі – Өзбекстан Фото: uza.uz

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Франция Республикасының Президенті Эмманюэль Макрон 1 қарашада Өзбекстанға ресми сапармен барды, деп хабарлайды inbusiness.kz gazeta.uz басылымына сілтеме жасап.

Эммануюль Макрон Өзбекстан Республикасының Президентімен бірге түнгі Самарқандты аралады.

Мемлекет басшылары ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Регистан кешенінде болды.

Жоғары мәртебелі мейманға Шығыс сәулет өнерінің бұл жауһарының құрылыс тарихы, қайталанбас нақыштары, атақты оқиғалар мен осы жерге қатысты тұлғалар туралы таныстырылды.

Айта кетейік, сапардың негізгі бөлігі, оның ішінде жоғары деңгейдегі келіссөздер 2 қарашада өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу