"МАКС-2021": Қазақстан халықаралық авация көрмесіне не апарады

1049

Еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жетекші кәсіпорындары Ресейде өтетін "МАКС-2021" халықаралық авиациялық-ғарыш салонында әскери және азаматтық авиациядағы өз өнімдерін көрсетеді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"МАКС-2021": Қазақстан халықаралық авация көрмесіне не апарады

"Тыныс" АҚ Көкшетау зауыты Ресейге және ТМД елдеріне экспортталатын авиациялық өнімді ұсынады, ал "Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг" ЖШС өзі өндіретін Н-145 тікұшағының макетін, сондай-ақ ұшу және техникалық құрамды оқытуға арналған жабдықты көрсетеді", - деп жазылған хабарламада.

Ерейментаудағы (Ақмола облысы) "811 автожөндеу зауыты" АҚ өзі шығаратын өнімнің үлгілерін ұсынады: пилотсыз ұшу аппараты негізінде жасалған әуе-мақсаттық құрылғы (тренажер) мен барлаушы-ұшқыш.   

"Қазақстандық авиация индустриясы" компаниясы ұшақтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат береді.

"Қазақстан ASELSAN инжиниринг" ЖШС қазақ-түрік компаниясы заманауи авионикамен жабдықталған тікұшақ кабинасының макетін көрсетеді, ал еліміздегі ең ірі зауыттардың бірі "№405 авиажөндеу зауыты" АҚ құрастырылған, жөнделген және қызмет көрсетілетін тікұшақтардың макеттерін ұсынады", деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ көрме аясында қазақстандық тарап серіктестермен кездесулер өткізіп, ынтымақтастық туралы бірқатар келісімшарт пен меморандумға қол қоюды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, "МАКС-2021" XV халықаралық авиациялық-ғарыш салоны 2021 жылғы 20-25 шілде аралығында Мәскеу облысы (Ресей Федерациясы) Жуковский қаласында өтеді.
Халықаралық авиция көрмесінде әуе кемелерінің, әскери жүйелер мен эксперименттік қондырғылардың Ресейден тыс жерде ұсынылмайтын үлгілері көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу