Макс Боқаев Атыраудағы түрмеге ауыстырылды

950

Қазір оның жағдайы қалыпты. 

Макс Боқаев Атыраудағы түрмеге ауыстырылды

Бүгін Атырауға жазасын өтеп жатқан азаматтық белсенді Макс Боқаевты алып келді. Ол Ақтөбедегі түрмеден осындағы УГ-157/9 ерлер колониясына ауыстырылған. Оны вокзалдан күтіп алуға бірнеше адам жиналғанмен, этаппен келгендіктен ешкімді жақындатқан жоқ.

Бұл оқиға жөнінде әлеуметтік желіде жарияланып жатса да, ресми орындардан әзірге ресми мәлімдеме жасалмады. 

Белгілі болғандай, Макс Боқаев короновирус инфекциясының алғашқы толқынында дерт жұқтырып, емделіп шыққан. Ол бостандыққа 2021 жылғы 21 ақпанда шықпақ.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу