Мақсары майының Жапонияға экспорты жалғасатын болды

2660

2018 жылдың тамыз айынан бастап "Kaz-Ir Agro" ЖШС Жапонияға тамақ өнімдерін жөнелте бастады. Майдың сапасы мен дәмі жапондардың талабына сай келіп, импорттаушылармен қосымша келісімшарт жасалды.

Мақсары майының Жапонияға экспорты жалғасатын болды

Қазақстандық "Kaz-Ir Agro" ЖШС компаниясы "Safloria" мақсары майын Жапонияға экспорттауды жалғастыратын болды, деп хабарлайды Аgrobiz.kz.

2018 жылдың тамыз айынан бастап "Kaz-Ir Agro" ЖШС Жапонияға тамақ өнімдерін жөнелте бастады. Майдың сапасы мен дәмі жапондардың талабына сай келіп, импорттаушылармен қосымша келісімшарт жасалды.

Мақсары майы сондай-ақ, Нидерландыға, Германияға және Чехияға жөнелтіліп жатыр.

Айта кетсек, Kaz-Ir Agro компания 2006 жылы құрылған. Мақсары майын өндірумен, сондай-ақ мақсары, бидай және арпа дақылдарын өсірумен айналысады. Қазіргі таңда күніне 12тонна шикізат өндіретін май цехына және аумағы 5000 га егіс алқабына ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу