Мақсат Қабашев: Грузияға қазақстандық балмұздақты жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді

1174

Мақсат Қабашев: Грузияға қазақстандық балмұздақты жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді

KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы Тбилисиде 19 қазақстандық өндірушілердің өнімдерімен таныстыру мақсатында бизнес-форум өткізді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Форумның нәтижесінде бірқатар экспорттық келісімшартқа қол қойылмақ.

"Грузияға қазақстандық балмұздақты жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бастапқы көлемі – айына 4 жүк көлігі. Бұл отандық өндірушіге кепілді тапсырыс болып табылмақ. Сонымен қатар грузиялық супермаркеттерге биоқаптар жеткізілмек. Келесі жылдан бастап Грузияда полиэтиленді қаптарды өндіруге және импорттауға тыйым салынады, сондықтан біздің өндірушілер ұсынған өнім сауда желілері тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Айына ең төменгі жеткізу көлемі – 500 мың бірлік", – деді "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашев.

Ашылып жатқан экспорттық мүмкіндіктер отандық тауар өндірушілерге еуропалық әріптестермен ынтымақтастықты жоспарлауға мүмкіндік береді. Өнімдерді кейіннен ЕО елдерінде жүзеге асыру үшін оларды сертификаттау бойынша жұмыстар басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу