Мақсат Толықбайдың сыйлаған үйінен қағылып қалдым – Қуаңшылықта Маңғыстауға шөп жіберген Құрмет

4269

Қуаңшылық кезде халыққа көмектескен Құрмет Талапқазы сыйлыққа алған үйін сатып жіберген, деп жазады inbusiness.kz сайты "Assyltas TV" YouToube каналына сілтеме жасап.

Мақсат Толықбайдың сыйлаған үйінен қағылып қалдым – Қуаңшылықта Маңғыстауға шөп жіберген Құрмет Фото: inbusiness.kz

Ол 2021 жылы қуаңшылық кезінде Маңғыстау өңіріне шөп жіберіп халыққа көмектескен еді.

Оның еңбегін елеп, Мақсат Толықбай халыққа үндеу жасау арқылы жылу жинап, ал жарты бөлігін Дулат Тастекей басшылық еткен "Асылтас" қоры қосып, оған Шымкенттен үш бөлмелі үй сыйлады.

– Бұрын да сұхбаттарымда айтқанмын, ол кісілерге Алла разы болсын, рахмет! Бірақ сол кезде де "ешқандай мұндай нәрсе керек емес" деп айтқанмын. Көше сыпырып, далада қалсам да, қабірлер – менің үйім. Былтыр ол үйді жалға беріп, одан кейін сатып жібердім. Жартысын ауылға жібердім, олар (ата-анасы) ота жасатыпты. Содан кейін осы жақта да біраз адамдар көмек сұраған соң оның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсадым. Арғы бетке (Қытай) де бару керек кездер болды, бір жағдайлар болып қарыз алғанмын. Өзіме де жараттым, елдің бергенін елге қайтарғандай да болдым, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу