Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Қайратұлы Тұрлыбаев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
Тұрлыбаев Мақсат Қайратұлы 1987 жылы туған.
Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын "Экономика" мамандығы бойынша бітірген, Сеул ұлттық университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы қызметінен бастады.
2010-2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.
2016-2020 жж. – Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
2020-2021 жж. – Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы.
2021 жылдан осы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.
Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі. "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған (2019 ж.).