Максималды қашықтықты есепке алмай, көппәтерлі үйлер мен әлеуметтік нысандар салу жоспарлаған

251

Прокуратура тығыздалған құрылыстың алдын алу жұмыстарын жүргізуде. 

Максималды қашықтықты есепке алмай, көппәтерлі үйлер мен әлеуметтік нысандар салу жоспарлаған Фото: Inbusiness.kz

Павлодар "Жастар" шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы (ЕТЖЖ) сәулет және жер заңнамасының нормаларына қайшы қабылданғаны анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Жергілікті атқарушы орган өнеркәсіптік зауыттардан максималды қашықтықты есепке алмай, көппәтерлі үйлер мен әлеуметтік нысандар салуды жоспарлаған.

Яғни, өндірістік, коммуналдық және қойма объектілерін жақын маңдағы тұрғын үй-азаматтық құрылыстардан оларға қолайсыз факторлардың әсерін болдырмау үшін бөлетін санитарлық-қорғау аймағы бұзылатын еді.

  • Жалпы құрылыс алаңы 186 гектарды құрады.
  • Қадағалау актісі бойынша заңсыз ЕТЖЖ жойылды.

Осыған дейін прокуратура Ертіс өзенінің маңында (су қорғау аймағының аумағында) оқушылардың өміріне қауіп төндіретін "Жайлы мектеп" салу туралы шешімнің күшін жойған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу