Отандық ғалымдар мақтаның жаңа сортын шығарды

94

Қазіргі таңда Түркістан облысының ауыл шаруашылығында аталған сорт белсенді түрде енгізіліп жатыр.  

Отандық ғалымдар мақтаның жаңа сортын шығарды Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

 "Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжірбие станциясы" ғалымдары "Мақтаарал – 5027" атты мақтаның жаңа сортын шығарды, деп жазады inbusiness.kz сайты Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

"Бұл сорт ерте пісетін топқа жатады, өскіннен бастап алғашқы қауашақтың ашылуына дейінгі кезең 115-117 күнді құрайды. Өнімділігі гектарына 43,4 центнерге дейін жетеді. Сорт вилт ауруына төзімділігімен ерекшеленеді, ауруға шалдығу деңгейі тек 0,1% құрайды, бұл көрсеткіш бақылау сорты "Береке-07"-ден 0,3%-дан жоғары", - делінген хабарламада.

"Мақтаарал – 5027" сортының талшығының шығымы 37-38%, ұзындығы 33,5-33,7 мм. Бұтасы конус тәрізді, жайылмалы емес, биіктігі 120-125 см. Қауашақтары дөңгелек, сәл бұдырлы, бес жапырақты, жақсы ашылады және пісіп-жетілгенде түспейді. 1000 тұқымның салмағы 122,5-124,2 граммды құрайды.

Аталмыш сорт мақта көбелегі мен карадринаға төзімді, талшық шығымының бақылау сортынан 2,2% жоғары және талшық ұзындығы 0,5 мм-ге артық.

Сонымен қатар, сорт тыңайтқыштарға бейімделген, кеш суаруға төзімді және механикалық жинауға ыңғайлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу