Мақтаарал ауданын екіге бөлу туралы ұсыныс қолдау тапты

1081

Мақтаарал ауданын екіге бөлу туралы ұсыныс қолдау тапты

ОҚО мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясында Мақтаарал ауданы екіге бөлу туралы ұсыныс қолдау тапты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызмет.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясында 9 мәселе қаралды. Атап айтқанда, облыс әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы" шешіміне толықтырулар енгізу, әдеп жөніндегі комиссиясы туралы, "Облыс әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу және "Облыс халқын жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу жайы талқыланды.

Сондай-ақ, сессияда қаралған маңызды мәселенің бірі Мақтаарал ауданы екіге бөлу туралы ұсыныс болды. Депутаттар бұл жобаны бір ауыздан қабылдап, қолдау білдірді.

Аталған мәселе сессияға дейін аудан зиялыларымен, тұрғындарымен, депутаттарымен өткен кездесуде бірнеше рет талқыланған. Сессияға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бұл бағыттағы жүргізілетін жұмыстарды да атап өтті.

Айта кетейік, жиынды облыстық мәслихат сессиясының төрағасы З.С.Чалданов жүргізіп отырды. Сессияға облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, қала және аудан әкімдері, Мақтаарал аудандық мәслихатының хатшысы, құқық қорғау органдарының, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалардың, ұйымдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу