Мақтаарал ауданында қоқыс полигоны өртеніп, ауылды көк түтін басты

523

Әлеуметтік желі арқылы наразылықтарын жеткізген тұрғындар "өртеніп жатқан қоқыстарды өшіруге тырысып жатқан адам жоқ" деп жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мақтаарал ауданында қоқыс полигоны өртеніп, ауылды көк түтін басты Фото: Бейнежазбадан

"Міне, бүгін 3-ші күн болды қоқыстың түтініне уланып жатырмыз. Ауылдың іші көк түтін" - дейді бейнежазба авторы Сүндет Манапбек.

Аталған жағдайға байланысты пікір білдірген Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі өрттің 25 мамыр күні сөндірілгендігін жеткізді.

"Жалпы 25-мамыр күні сағат 11:35 шамасында Мақтаарал ауданы Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан қоқыс полигонында өрт шыққаны туралы аудандық төтенше жағдайлар бөліміне хабар түскен. 2 өрт сөндіру көлігі, 4 техника және 15 шақты жеке құрам өрт сөндіруге жұмылдырылып, кешкі 21:00 шамасында өшірілді. Негізі ауа-райының қолайсыздығынан (желді болуынан) өрт кең таралып, үлкен қиындықтар туғызды", - делінген аудан әкімдігі таратқан ақпаратта.

Өңір тұрғындарының айтуынша бүгінде өрт сөндірілгенмен, түтіні әлі толық басылмаған. Соның салдарынан мақтааралдықтар қоқыс түтіннен құтыла алмай отырғаны жайы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу