Мақтаарал ауданында білім бөлімінің қызметкерлері 2,4 млрд теңге жымқырған

297

Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Мақтаарал ауданында білім бөлімінің қызметкерлері 2,4 млрд теңге жымқырған Фото: aikyn.kz

Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғасы  мен жауапты қызметкерлеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақша білім саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз жалақы аудару арқылы ұрланған.

Бүгінде күдіктілер 333,5 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген залалды қайтарды, сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен табылған 649,7 млн теңгені құрайтын мүліктеріне тыйым салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу