Мақтаарал "мақталы өңір" атынан айрылып қалмай ма?

1330

Түркістан облысында күріш пен мақта өсіру азайтылды. Бұл туралы аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев ОртКом қызметінде өткен баспасөз жиынында "Айғақ" телеарнасының журналисіне берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мақтаарал "мақталы өңір" атынан айрылып қалмай ма?

Журналист "Мақталы өңір" деген атымыздан айырылып қалмаймыз ба?" деп, алаңдаушылық байқатқан болатын.

"Бұл біздің саясатымызға сай істеліп отыр. Өйткені күріш, мақта сынды дақылдар көп су ішеді. Ал су азайып бара жатқанын баршаға мәлім. Бір кездері Оңтүстік Қазақстан облысы болғанымызда 140 мың гектар мақта егілетін. Биыл аймағымыздағы көлем 109 мың гектар болды. Суды үнемдеу үшін осылай ықпал етіп отырмыз. Бір жағынан қазір көкөніс өндіру тиімді болып барады. Сондықтан кәсіпкерлер соған ыңғай танытқандай. Дей тұрғанмен, басқа өнімге көшу үшін басқа техникалар алуы керек, оған мол қаражат қажет қой. Сондықтан әзірге мақта көлемі жоғары деңгейде сақталады деп ойлаймын. Мүлде жойылып кетеді деп ойламаймын", – деді Шөкеев.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу