Мақтаарал ауданының мақташылары қазірге дейін қырманға 200 мың тонна мақта жинады, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Әр гектардан 21,4 центнер өнім түсуде. Жиналған өнімнің 118 мың тоннасы комбайнмен, 82 мың тоннасы қол күшімен терілді. Бүгінгі күнге дейін 93 мың гектар алқаптың мақтасы жинап алынды. Науқанға 641 терімші бригада, 25 мыңға тарта терімші, 290 комбайн жұмылдырылуда.
Былтыр мақта бағасы 150 теңгеден басталып 160 теңгеге жетсе, биыл 165 теңгеден басталып 178 теңгеге дейін көтерілді
Айта кетейік, Мақтарал ауданында жалпы саны 94 мың гектар жерден мақта жиналып жатыр. Бүгінде бірінші терімді аяқталып, екінші терім басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу