Жиын-терім жұмыстарының 82,2%-ы машина көмегімен, 17,8%-ы қол күшімен жиналуда.
"Мақтаарал ауданы мақтамен ғана емес, қауын-қарбыз өсірумен де танымал. Биыл 16 416 гектар жерге бақша дақылы егіліп, 409 267 тонна өнім алынды. Атап айтқанда, мақтааралдық диқандар гектарына есептегенде орташа 249 центнерден қауын-қарбыз жинаған. Сонымен қатар бұл жылы диқандарымыз 2 772 гектар жерге күріш дақылын егіп, қазірдің өзінде 16 539 тонна өнім жинап үлгерді. Бұдан бөлек, 500 гектарға көкөніс дақылы егіліп, қырыққабат пен қызылшадан 20 048 тонна өнім өндірілген", – дейді Бақыт Насырханұлы.