Мақтааралда әлеуметтік сауда орны ашылды

858

Атакент кентінде ашылған әлеуметтік сауда кешенінде отандық және шетелдік киім-кешектер мен басқа да өнімдер 10-15% арзан бағамен сатылатын болады. 

Мақтааралда әлеуметтік сауда орны ашылды

Отбасылық әлеуметтік сауда кешенін ашудағы негізгі мақсат – тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасылар үшін қолжетімді баға қалыптастырып, қолдау көрсету.

"Аудан тұрғындарының қамы үшін сауда нарығында бағаны тұрақтандыру - басты міндеттеріміздің бірі. Бұл орайда ауданымызда ашылып жатқан әлеуметтік дүкендер мен осындай үлкен сауда кешендері бағаны тұрақтандыруға өз септігін тиігізіп келеді. Сондықтан, жаңадан ашылған кешендегі тауар бағаларын мен өзім жеке қадағалайтын боламын",– деді сауда орнының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бақыт Асанов.

Сауда орны заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Шілденің аптап ыстығы да мұнда жұмыс жүргізуге еш кедергі бола алмайды. Кешенде  жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындары ашылып, бүгінде  25 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 

Қазірді өзінде әлеуметтік сауда орнында тауар айналымы 45-50 миллион теңгені құрайды екен.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу