Мақтааралда бір тәулік ішінде су басқан аумақтардың ауданы 1100 гектарға азайды

854

Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс елдімекендерінде су басқан 1 030 үйден су толықтай сорып шығарылды. 

Мақтааралда бір тәулік ішінде су басқан аумақтардың ауданы 1100 гектарға азайды

Құтқарушылардың, жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерінің су сору бойынша жүргізген жұмыстарының арқасында өткен тәулік ішінде су басқан аумақтардың ауданы 1100 га азайды, қазір 3100 га құрайды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс елдімекендерінде су басқан 1 030 үйден су толықтай сорып шығарылды. 56 аула және бау-бақша учаскесі су астында қалып отыр. ТЖ-ның салдарын жою бойынша жұмыстар тәулік бойы режимде жалғасуда. Оған ІІМ, ҚМ, ЖАО және Өзбекстан ТЖМ күштері мен құралдары 1475 адам, 219 бірлік техника, 13 жүзу құралы, 207 мотопомпа жұмылдырылды.

Бүгінгі күні 6,2 млн. астам м3 су сорылды. Жалпы ұзындығы 22 шақырым уақытша бөгеттер салынды, 87 000-нан астам қап төселді және су бұру үшін 3 коллектор орнатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу