Ондағы бірқатар өндіріс ошақтарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.
Алдымен облыс басшысы Достық ауылдық округі Бескетік ауылындағы "Алтын аймақ" шаруа қожалығында болды. Аталған мекеме 1995 жылы жұмысын бастаған. Қожалықтың иелігінде 90 гектардан астам егістік жері бар. Биыл оның 80 гектарына қауын, 5 гектарына мақта, 5 гектар жерге жоңышқа егу жоспарланған. 31 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Көктемгі дала жұмыстары ерте басталатын ауданда бүгіннің өзінде 2090 гектар қауын, 692 гектар қарбыз, 694 гектар жоңышқа, 281 гектар қырыққабат, 22 гектар қызылша, 5,5 гектар болгар бұрышы, 1,5 гектар қызанақ, 5 гектар жерге картоп дақылдары егілген.
Сондай-ақ, өңір басшысы Мырзакент кентіндегі Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионға аялдады. Көлемі 2,5 гектар жерді қамтитын стадион қайта құрылымдауды қажет етеді. Ол үшін жобалық сметалық құжаты дайындалып, 2017 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы берілген. Жобаның жалпы құны 288,5 миллион теңгені құрайды.
Облыс әкімі аялдаған соңғы нысан –Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің "Атамекен" кеден бекеті. Мұнда өңір басшысы кедендік бекеттің аймағын көріктендіру, көгалдандыру, кеңейту жоспарымен танысты. Атап айтқанда, шекара маңынан сауда логистикалық орталығын құру, оның ішінде сауда базарлары, қонақ үй, автотұрақ, қоймалар, тұрғын үйлер мен түрлі спорттық алаңшаларды салу көзделуде.