Мақтааралда зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетілуде

735

Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендерінен 5,7 млн м3 су сорылды.  

Мақтааралда зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетілуде

Жалпы ұзындығы 22 шақырым болатын уақытша бөгеттер салынды, 86 000-нан астам қап төселді және су төгуге 3 коллектор орнатылды, деп хабарлайды ТЖК.

Тұрғындардың жеке мүліктерін судан шығару, үй жануарларын құтқару жұмыстары жалғасуда. Түркістан облысы ТЖД және Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Апаттар медицинасы орталығының психологтары арт-терапия әдістерін қолдана отырып, зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетеді.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Жаңатұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Жантақсай ауылдарында 4 блокпост қойылды.

Құрамында 18 адам мен 4 техника бар Өзбекстан ТЖМ күштері мен құралдарынан тұратын топ келді.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы ТЖД, Апаттар медицина орталығы, полиция департаменті, Ұлттық гвардия, Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдар күштері мен құралдары, жалпы алғанда 1412 адам, 255 техника, 17 жүзу құралы, 130 мотосорғы тәулік бойы жұмыстарын жалғастыруда.

Сондай-ақ, төтенше жағдайдың салдарын жоюға 223 адамнан, 42 техника мен 85 мотосорғыднан тұратын Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары тартылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу