Мақтааралдағы су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды

694

Комиссия құрамына орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары кірді. 

Мақтааралдағы су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Өкімімен Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елдімекендерді су басу салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлады үкімет басшысының ресми сайты. 

Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың төрағалық етуімен комиссия құрамына орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшылары кірді. 

Комиссия алдына келтірілген залалды бағалау және су басу салдарын жою, инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылымды, тұрғын үйлерді қалпына келтіру, сондай-ақ зардап шеккен тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсету міндеттері қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу