Мақтааралдықтарға өтемақы беріледі

1007

Мүлік шығынын есептеу қиын болады.

Мақтааралдықтарға өтемақы беріледі

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің мәлімдеуінше, әр үйге келген шығынды есептеу үшін мамандар Арыс тәжірибесіне сүйенеді. 

"Су елдімекендерден кеткеннен кейін үйлерді аралап, былтырғы Арыс тәжірибесі сияқты әр үйге келген зардапты, шығынды есептеп шығуымыз керек. Ары қарай комиссиямен бірлесіп, бүлінген үйлерді қайта қалпына келтіру жолдарын қарастырымыз керек деп олаймын", – деді облыс басшысы. 

Оның сөзінше, су басқан үйлерде қалған мүліктерге қандай зардап келгенін есептеу қиын болады.

"Су басқан ауылдың эвакуацияланған әр тұрғынына өтемақы белгілеу дұрыс болар деп есептеймін. Мұнан бөлек 7 мыңнан астам егістік алқабына біраз шығын келді. Егілген егістік, пленка астында жатқан әртүрлі егістік алқабы бар. Соның барлығын қайта есептеп, оны да өтеуге көмектесуіміз қажет. Жалпы, эвакуацияланған азаматтардың барлығына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтырғы Арыстағыдай көп адамды жинап, үлкен жиын жасамаймыз. Жеке-жеке әр мектепке барып, түсіндіру жұмысын ұйымдастырамыз. Жалпы халық түсіністікпен қарайды, жағдайды үлкен шыдамдылықпен, төзімділікпен өткізіп жатыр. Біз комиссияны күтіп отырмыз, солармен бірге бәрін аралап шығамыз", – деді ол.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу