Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 30 тоннадан аса азық-түлік тиелген керуен киелі Тараз қаласынан мақталы Мақтаарал ауданына келіп жетті, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жамбылдық кәсіпкерлер Мақтааралға 10 тонна ұн, 10 тонна күріш, 5 тонна қант, 1 тонна құмық, 2 тонна сұйық май, 2 тонна макарон өнімдері мен 5 тонна гигиеналық заттар жіберді.
"Бүгін демеушілердің есебінен жиналған бас-аяғы 10 миллион теңгеден астам ақшалай көмек қызыл судан зардап шеккен азаматтарға үлестіріледі. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров мұнымен көмек тоқтап қалмайтынын айтты.
Айта кетейік, Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынының салдарынан қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға қолдау білдіреміз деушілер үшін "Түркістан" корпоративтік әлеуметтік даму қоры жұмыс істейді. Қайырымдылықты аталмыш қордың есеп шоттарына да аударуға болады.