Мақтааралға Атыраудан 20 тонна балық жеткізілді

767

Көмектің ақшалай алғандағы көлемі – 12 млн тг.

Мақтааралға Атыраудан 20 тонна балық жеткізілді

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Атырау облысынан 20 тонна балық пен гуманитарлық көмек келіп жетті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жүкті ұйымдастыру Атырау облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетовтың қолдауымен жүзеге асырылды.

Атырау қалалық партия филиалына қарасты "Дамбы" бастауыш партия ұйымының "нұротандық" балықшылары жалпы жиналысында Мақтааралдың тұрғындарына балық жіберу жөнінде шешім қабылдаған болатын. Бүгін "Амангелді" өндірістік кооперативіндегі (құрылтайшысы Мұрат Әмірғалиев) атыраулық балықшылардың аманаты Мырзашөл өңіріне жеткізіліп, орталық қоймаға қабылданып алынды.

Сонымен бірге, "Транссервис Ақжол" компаниясы атынан азық-түлік пен киім-кешек жеткізілді. Жүк керуенін бастап келген осы компанияның директоры Өтеген Айнабеков атыраулық азаматтар арасында көмектесуге ниеттілер өте көп болғанын айтты.

"Атыраулықтар Мақтааралдағы апатты ауыр қабылдады. Көмектесуге ниетті азаматтар көп. Біз Мақтааралмен біргеміз! Ауылдар қалпына келіп, бұдан былай осы киелі Түркістан өңірінің қуаныштары мол болғай", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу