Мақтаралдағы су шайып кеткен егін қайта егіліп жатыр. Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев карантин жағдайына қарамастан бүгін Үкіметке келіп, өңірдегі ахуал жайында осылай деп баяндады. Әрі аймақтағы 11 мың гектар жер тамшылап суару технологиясына көшіріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Atameken Business.
Әкім оның жемісті нәтижесін күзде көрсетуге уәде етті.
Жалпы биыл Үкімет 22,5 млн гектарға егін егуді жоспарлаған. Биыл алғаш рет тыңайтқыштар субсидияланды. Сондай-ақ, Асқар Мамин агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу