Мақтаралдық диқандар жаңа технологиялардың арқасында өнімді 3 есеге арттырды

1086

Мақтаралдық диқандар жаңа технологиялардың арқасында өнімді 3 есеге арттырды

Мақтарал ауданында соңғы үш жылда жерді терең қопсыту технологиясы 30 мың гектарға енгізіліп, нәтижесінде  шаруалар 2-3 есе көп өнім алуда. Бұл Тәуелсіздік жылдарындағы халықтың жеткен жетістіктері. Бұл туралы Мақтарал ауданының әкімі Ғ.Исмаилов ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында мәлім етті.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығындағы жеткен жетістіктерін баяндаған Ғ.Исмаилов 1991 жылы ауданның бюджеті 107,0 мың теңгеден 2016 жылы 31 426,0 млн. теңгеге жетіп, 294  есеге артқанын, жалпы ішкі өнім 643,0 млн. теңгеден 112 004,1 млн теңгеге жеткенін атап өтті. Сондай-ақ, ауданда соңғы бес жылда тамшылатып суғару әдісі ендірілген жерлер мен жылыжайлардың алқабы еселеп өскенін атап өтті

2011 жылы Мақтаралда тамшылатып суғару әдісі 0,4 мың гектар жерге ендірілген болса, бүгінде 1,6 мың гектарға жетіп отыр. Ал, жылыжайлардың көлемі 2011 жылы 33 гектарды құраса, 5 жылдың ішінде 2,5 жарым есеге өсіп, жалпы көлемі 83,6 гектарға жеткен. Биыл жылыжайлар есебінен 1500 тонна өнім өндіріліп, Республика тұрғындарын қыс және ерте көктем уақытында сапалы көкөністермен қамтамасыз етуге қол жеткізілген.

"Шаруалардың өнімін сақтап, әрі қарай сату үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2015 жылы Жетісай қаласында "Мақтарал ЭкоПродукт" ЖШС-нің сыйымдылығы 3000 тонналық және Мырзакент кентіндегі ЖК Ердешовқа тиесілі 2 мың тонналық қоймалары салынып пайдалануға берілді" – дейді Ғ.Исмаилов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу