Макулатураны ел аумағынан шығаруға тыйым салынды

678

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қалпына келтірілетін қағазды немесе картонды (макулатура және қалдықтар) әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық жобасын дайындады, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Макулатураны ел аумағынан шығаруға тыйым салынды

Отандық қайта өңдеушілерді қолдау және азық-түлік бағасын төмендету мақсатында министрлік "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп ел аумағынан макулатураны әкетуге тыйым салудың экономикалық орындылығы тұрғысынан жан-жақты талдау жүргізді.

Талдау қорытындысы бойынша сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында 6 айға уақытша тыйым салуды енгізу мәселесі мақұлданды.

Қағаз бен картон – әлемдегі ең жоғары деңгейде өңделетін өнімдер (кейбір елдердегі әйнекті қоспағанда). Полиэтилен пакеттен айырмашылығы – экологиялық таза целлюлоза қысқа мерзімде толығымен жойылады және қайта өңдеуге арналған материал ретінде жарамды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу