Мал азығы зоотехникалық нормадан 2 есе аз өндіріледі

845

Сенатта өткен парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz

Мал азығы зоотехникалық нормадан 2 есе аз өндіріледі

Министр мал азығының жеткілікті көлемде өндірілмеуі мал шаруашылығы саласын дамытуға кері әсерін тигізіп жатқанын айтты. 

"Жайылымдардың 20%-дан 60%-ға дейінгі бөлігі тозған, ал жайылымдық алқаптардың 42%-ы суландырудың жоқтығынан пайдаланылмайды", – деді ауыл шаруашылығы министрі.

Министр ветеринария саласындағы кемшіліктерге де тоқталды. 

"Ауылдық жерлерде ветеринариялық қызмет көрсету тиісті деңгейде дамымаған. Бұл сала цифрландырудан тыс қалып отыр. Мамандар қағазбастылықтан құтылмаған. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметі өкілеттігінің аражігі ажыратылмаған. Мал дәрігерлерінің жалақысының деңгейі тым төмен", – деді Ербол Қарашөкеев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу