Мал азығын дайындауда жаңа технология қолданыла бастады

1263

Мал азығын дайындауда жаңа технология қолданыла бастады

Алматы облысында Райымбек ауданының шаруалары мал азығын дайындауда жаңа технологияны қолдана бастады.

Шаруалар құны 23 млн теңге тұратын құрылғыны Германиядан арнайы алдыртқан. Шөпті целлофанға орап, үш жылға дейін бастапқы сапасын бұзбай сақтап тұруға болады. 60 қабат оралған вакумдағы әрбір орамның салмағы 700 келіден асады. Мұнда көк шөптің жапырағы мен гүлі төгіліп, шашылмай, 100 пайыз таза жиналады. Демек құнарлылығы да балғын қалпын жоғалтпайды. Алажаздай қиналатын жұмысты осылайша біршама жеңілдеткен шаруалар аз күшпен мол және сапалы өнім жинаудың тетігі техникада жатыр.

Алпамыс Дәукенов "Жаңа ақтасты" ЖШС қызметкері: "Мынау біздің Влагамер біз мұнымен шөптің ылғалдылығынөлшейміз. қазір 45-46 көрсетіп тұр. бұл норма. Бұл рулонның ерекшелігі шөптіңбойындағы бүкіл калориясы бойында қалады. Кеппейді, бүкіл витамин сақталады".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу