Мал басы саны артты – министр

106

Сиыр еті экспорты 1,4 есеге артты.  

Мал басы саны артты – министр Фото: ramkhp.ru

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров елімізде мал басының саны өскенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ет өндіру көлемі бойынша ең жоғары көрсеткіштерге Алматы, Ақмола облыстары, ал сүт өндірісі бойынша – Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары қол жеткізді.

"Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша мал басы тұрақты өсуде. Жыл басынан ірі қара мал басы 23,4%-ға артты (9,6 млн бас), ұсақ мал – 7,8%-ға (26,3 млн бас), жылқы – 12,2%-ға (5,0 млн бас), түйе – 8,5%-ға (321,3 мың бас), құс – 2,2%-ға (47,7 млн бас) өсті", – деді министр Үкімет отырысында.

Айдарбек Сапаровтың айтуынща, өндіріліп жатқан өнім көлемі ішкі нарықты сиыр және қой етімен толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

"2024 жылдың қорытындысы бойынша сиыр еті экспорты 1,4 есеге артты және 22 мың тоннадан асты, қой еті – 2,2 есеге өсіп, шамамен 18 мың тоннаны құрады. Жыл басынан өңделген мал шаруашылығында өңделген өнімдері өндірісі артты, оның ішінде шұжық өнімдері – 11,3%-ға, ет консервілері – 27,5%-ға, салқындатылған және мұздатылған қосалқы өнімдер тиісінше 41,9% және 47,1%-ға өсті", – деді АШМ басшысы.

Айта кету керек, бұған дейін ірі қара мен ұсақ мал сатып алғысы келетіндерге жеңілдетілген несие берілетінін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу