Мал басының барлық түрінен өсім байқалады – Гүлшара Әбдіқалықова

933

Агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 58 млрд теңгеге 76 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. 

Мал басының барлық түрінен өсім байқалады – Гүлшара Әбдіқалықова

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елордада өтіп жатқан халыққа есеп беру кездесуінде өңірде мал шаруашылығын дамыту мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Аймақта мал басының барлық түрінен өсім байқалады. Атап айтар болсақ, мүйізді ірі қара – 3,9%, қой – 8,5%, жылқы – 10,4%, түйе – 7,1%, құс – 6,1% құрады. Бұл ретте, жайылымдық жерлердің тиімділігін арттыруға айрықша басымдық берілуде", – деді Қызылорда облысының әкімі.

Сонымен қатар балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі аймақтық бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл тауарлы балық көлемін 16 мың тоннаға дейін жеткізе отырып, 100 есе көбейтуге мүмкіндік береді. Ал балық өнімдерінің экспортын 2 есе, яғни, 8,5 мың тоннаға дейін арттыру болады. 

"Алдағы 5 жылда Агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 58 млрд теңгеге 76 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Оның ішінде 42 жоба азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 2021 жылы 8,7 млрд теңгеге 21 жоба жүзеге асырылады. Жыл басынан бері  егін шаруашылығында 4, бал арасын өсіруде 2, мал шаруашылығында 2 жоба жолға қойылды", – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу