Мал базарлары қаладан тыс жерге шығарылады

1515

Малды сойғаннан кейін биоқалдықтарды көметін мал қорымы жоқ. Жұмыс жасап тұрған мал базарлары белгіленген санитарлық нормалар мен талаптарды сақтамайды. 

Мал базарлары қаладан тыс жерге шығарылады

Атырауда мал базарлары қаладан тыс жерге шығарылады. Бұл туралы Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұратұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырауда қалалық мәслихаттың XXVI сессиясы өткізілді, онда заманауи мал базарын салу мәселелері талқыланды.

Қалалық ветеринария бөлімі мамандандарының айтуынша, малды сойғаннан кейін биоқалдықтарды көметін мал қорымы жоқ. Жұмыс жасап тұрған мал базарлары белгіленген санитарлық нормалар мен талаптарды сақтамайды. Сондай-ақ, союға рұқсат беретін ветеринарлық құжаты жоқ малдарды қабылдайды.

"Біздің алдағы жоспарларымызда барлық мал базарларын қала сыртына шығару. Қазір лайықты орынды таңдап, сол жерге заманауи талаптарға жауап беретін объектті салу қажет. Кәсіпкерлер осы объектілердің құрылысы бойынша маған өз ұсыныстарын енгізуде. Бұл мәселе қалалық әкімдіктінде бақылауында тұр. Біз қаладағы барлық мал базарларын міндетті түрде тексереміз. Егер олардың санитарлық нормаларды бұзғаны анықталса біз оларды жабамыз және қала сыртынан барлық заманауи стандарттарға жауап беретін орталықтандырылған мал базарын ашамыз", - деп, сөзін қорытындылады қала басшысы.

Бүгінгі күні Атырауда үй малдарын соятын үш мал базары жұмыс жасайды. Құрбан Айт мерекесі қарсанында барлық мал соятын алаңдарды қалалық ветеринария бөлімінің мамандары тексеретін болады, олардың иелеріне барлық санитарлық нормалардың талаптарын орындау жөнінде тиісті тапсырмалар берілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу