Мал дәрігерлік және санитарлық қызметте жемқорлық әрекетке баратындардың қатары азаймай отыр. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлімдеді. Өткен жылы 31 азамат заңға қайшы әрекетке барса, биыл небәрі 6 айда жемқорлық фактісімен 27 қызметкер тұтылған. Олардың ішіндегі 14 факті санитарлық-эпидемиологиялық қызметте тіркелген. Мамандардың айтуынша, қызметкерлерді мұндай қадамға итермелейтін бірқатар жайттар бар. Әсіресе бұл ұзақ уақытты қажет ететін құжаттық рәсімдеулер. Бұл тауардың бұзылып кетуіне әкеп соғады. Сондай жағдайға жеткізбес үшін, қызметкерлерге пара беруге мәжбүр болады екен.
Рустам Жүрсінов, "Атамекен" КҰП басқарма төрағасының орынбасары:
"Кәсіпкерлердің қалтасын қағатын жайттар көп кездеседі. Мәселен, тоңазытылған ет, біздің экспортқа шығарып, пайда көріп отырған көзіміз. Оның сақталу мерізімі ары кетсе он екі-ақ күн. Ал құжаттарды рәсімдеуге 10 күн кетеді. Онда сыртқа мұздатылған ет кетеді. Бұл кәсіпкерлерге едәуір шығын келтірері сөзсіз".