Мал экспортына байланысты 2 жаңа бұйрық күшіне енді

Елімізден бұқашықтарды экспорттауға тыйым салу 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін ұзартылды. 

Мал экспортына байланысты 2 жаңа бұйрық күшіне енді Фото: kt.kz

Мұндай жаңалықты Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Министрлік бұқашықтарды экспорттауға тыйым салуды ұзарту және қошқарларды экспорттауға жаңа квоталар енгізу туралы екі бұйрық шығарған. 

4 айдан асқан қошқарларды экспорттауға арналған квоталар 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін қолданылады, квоталар көлемі – 120 мың бас: бордақылау алаңдары мен тауар өндірушілер үшін – 60 мыңнан. Бұл ретте бір бордақылау алаңына арналған шектеу оның қуатының бір және жиынтық мөлшерінде 30%-дан аспайды, ал бір тауар өндірушіге – квотаның қолданылу кезеңіне 500 бастан аспайды. Қуаттылығы 5 мың бас және одан асатын бордақылау алаңдары үшін шектеу квотаның бүкіл қолданылу кезеңіне 1,5 мың қошқарлардан аспауы тиіс.

Екі бұйрық та 5 қарашадан бастап күшіне еніп отыр. 

Еске салайық, Қазақстаннан бұқашықтарды экспорттауға тыйым салу осы жылдың 15 мамырынан бастап қолданыста бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу