Министрліктің мәліметінше, биыл жол бойында қараусыз қалған жануарлармен соқтығысу оқиғалары көбейіп 13%-ға өскен. 26 жүргізуші мен жолаушы қаза тапса, 135 адам жарақат алған. Маңғыстау облысының өзінде түйелерді қағумен байланысты 8 жол апаты орын алды. 5 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алды. Көбіне полиция мал иесін іздеу жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болады. Тек соңғы 10 күн ішінде 200-ден астам қараусыз қалған түйелер мен жылқылар анықталып, олар арнайы қораларға жабылған.
"Осыған байланысты малды бақылаусыз қалдырғаны үшін олардың иесінің жауапкершілігін қатаңдату ұсынылады (ӘҚБтК 408-бабы-10 АЕК айыппұл). Сонымен қатар қараусыз жайылып жүрген малды қамайтын арнайы қоралар қажет. Бұдан басқа арнайы жол қоршаулары да керек, – деді министр Ахметжанов.