Мал іздеп шығып, хабарсыз кеткен қарағандылық ер адамды табуға тікұшақ жұмылды

452

Мал іздеп шығып, үш күннен бері хабарсыз кеткен ер адамды табуға тікұшақ жұмылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мал іздеп шығып, хабарсыз кеткен қарағандылық ер адамды табуға тікұшақ жұмылды Фото: 365info.kz

17 ақпанда ТЖД қызметкерлері, малшының туыстары, полиция қызметкерлері мен еріктілер қыстаудан Бестамақ ауылына қарай жолға шығып, хабарсыз кеткен ер адамды әлі іздеп жатыр.  

Еске сала кетейік, ол 14 ақпанда қарда жүретін көлікпен мал іздеп шығып, содан қайтып оралмаған. 

Бүгін оны іздеуге "Қазавиақұтқарудың" МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. 

Сондай-ақ ТРЭКОЛ көлігі және қарда жүретін көлікке мінген жоқ іздегендер жоғалған адамның көлігінің ізіне түсіп, солтүстікке — Бестамаққа қарай аттанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу