Мал іздеуге шыққан ақтөбеліктер Қызылорда облысының Арал ауданынан табылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Облыстық ІІД хабарлауынша, олардың барлығы дін-аман.
Үйлеріне оралмаған азаматтарды іздеу үшін Қарағанды және Қызылорда облыстарының ІІД тарапынан арнайы топ құрылған болатын. Іздеу жұмыстарына "Қазәуеқұтқару" тікұшақтары да жұмылдырылды.
ІІД әзірге басқа ақпарат таратпай отыр.
Еске сала кетсек, жылқыларын іздеуге шыққан ағайындылардың әкесі ішкі істер органдарынан көмек сұраған еді. Олардың жанында тағы 4 ер адам болған екен. Барлығы екі жыл бұрын жоғалған бір үйір жылқыны іздемек болып 1 қыркүйекте жолға шығып, хабарсыз кеткен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу