Құтқару пультіне Байғанин ауданы, Миялы ауылдық округіне қарасты шаруа қожалығының жұмысшысы мал іздеуге шығып, хабарсыз кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Іздестіру жұмыстары оң нәтижесін беріп, жоғалған 1961 жылы туған ер азамат Миялы ауданынан 80 км жерде аман-есен табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ құтқарушылары, ПБ, ЖАО және жергілік тұрғындар қатысты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу