Мал өсіру неге тиімсіз – сала сарапшысы мәселенің мәнісін айтты

1440

Қазақстанның ет одағы басқармасының мүшесі Мақсұт Бақтыбаев етті мал шаруашылығы тиімсіз болып кетуі мүмкін екенін айтады. Мәселе, Ресейге салынған санкциларға дейін-ақ басталған. Себебі бізде ет артық өндіріледі, ал экспорттау аз. Оның үстіне ет көп болған соң бағасы төмендейді. Өзін-өзі ақтамайды. Осылайша, нарыққа қысым жасалып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі informburo.kz сайтына сілтеп.

Мал өсіру неге тиімсіз – сала сарапшысы мәселенің мәнісін айтты

"2010 жылдан бері сиыр етіне тапшылығы болған жоқ, есіңізде болса, тіпті девальвация кезінде де ет соңынан бір-ақ қымбаттады. Мал басы өсіп келеді, ет өндірісі де жоғары, ал бірақ экспорт жоқ, бұл нарыққа қысым жасайды", – дейді Бақтыбаев.

"Қазір бізде толайым сату бағасы – 1 700 теңге, өзіндік құны – 2 000 теңге. Айналысқысы келетіндердің қызығушылығын азайтады. Әсіресе, үлкен несиесі бар адамдар тез банкротқа ұшырайды. Тыйымдарды жойып, базарларды ашу керек", – дейді сарапшы.

"Ресейде де баға төмендеуі мүмкін. Егер солай болып, Ресей, Беларусь өнімдері бізге ағылса, қысым одан да күшті болады. Өндірушілерімізге жақсы болмайды", – деді Бақтыбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу