Мал саны өсуде, бірақ ет бағасы түспей тұр

1005

Бұған субсидияның аздығы, кредитке қол жетпеу мен техниканың ескіруі себеп. 

Мал саны өсуде, бірақ ет бағасы түспей тұр

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы ірі мал саны 8,2 млн басты құрады. Бұл 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,3%-ға артық. Оның ішінде 4,2 млн бас сиыр болды, ол бір жыл ішінде 5,8%-ға өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылы қой саны 4,7 пайызға өсіп, 18,6 миллион басты құраған. Мал басының өсуі жылқы (11,3%-ға, 3,5 млн басқа), түйе (7,1%-ға, 243,4 мың басқа дейін) және құс (10,7%-ға, 47,8 млн басқа дейін) бойынша да байқалды.

Бұл ретте ешкі (1,1%-ға, 2,3 млн басқа) және шошқа (5,4%-ға, 775,3 мың басқа дейін) саны төмендеген. 

Дегенмен негізгі санаттағы мал басының өскеніне қарамастан, ет пен құс етінің бағасы өсуде. 2022 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша ет бағасы  жылдық мөлшермен 8,6%-ды қымбаттаған.

Қазақстандық фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Дайрабаевтың пікірінше бұған субсидияның аздығы, кредитке қол жетпеу мен техниканың ескіруі себеп. 

Мұның бәрі шаруалардың өнім көлемін арттыра алмайтындығына әсер етеді. Бөлінген субсидияларды негізінен ірі ауылшаруашылық кәсіпорындары алады, ал шағын шаруа қожалықтары жай ғана артта қалды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу