Мал сатып алуға берілетін несие шарты өзгерді

4403

Асыл тұқымды аналық қоймен селекция жүргізу нормативіне өзгеріс енгізілді. 

Мал сатып алуға берілетін несие шарты өзгерді

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың мәлімдеуінше, фермерлер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында мал сатып алу үшін рәсімделетін несиенің кепіл саясаты оңтайландырылды.

"Кепілге малдың 85%-ы алынады. Нақты кепілмен қамтамасыз ету 15% ғана құрайды", – деді министр.  

Сапархан Омаровтың сөзінше, қой шаруашылығымен айналысатын фермерлерді ынталандыру үшін асыл тұқымды аналық қоймен селекция жүргізу нормативіне өзгеріс енгізілді. 

"Асыл тұқымды отандық және импортталған ірі қара және қой басын сатып алуға арналған нормативтер ұлғайтылды. Сондай-ақ сүт өндірудің барлық деңгейі бойынша субсидия нормативі 10 теңгеге өсті", – деді министр. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу