Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Етті мал шаруашылығы бөлігінде инвестициялық субсидиялау жөніндегі жаңа қағидалар жобасына келетін болсақ, мұнда ІҚМ үшін жаңа бордақылау алаңдарын салуды субсидиялау алынып тасталды, өйткені бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған алаңдардың орташа толымдылығы шамамен 40% құрайды. Осылайша босатылған қаражатты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруға қайта бағыттау жоспарланып отыр", – деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар, субсидиялаудың негізгі бағыттары субсидия көлемінің 90%-дан астамын құрайды, оның ішінде селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс, асыл тұқымды мал сатып алу, бұқашықтарды бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кәсіпорындарына сату, сондай-ақ сиыр етін өндіру құнын арзандату сақталады.
"Бүгінгі күні субсидиялау қағидаларының жобасы мемлекеттік органдарда келісіледі және жақын арада бекітілетін болады", – деп хабарлады министрлік.
Айта кетейік, елімізде сиыр етін өндіру көлемі халықтың қажеттілігін 102%, қой еті – 106%, жылқы еті – 98%, шұжық өнімдері - 61%, ет және ет-өсімдік консервілері - 26,5% қанағанттандырып отыр.