Мал шаруашылығына беріліп келген кей субсидия түрі тоқтайды

Бұл қадам жүйені түзеу үшін жасалып жатыр. 

Мал шаруашылығына беріліп келген кей субсидия түрі тоқтайды Фото: avestnik.kz

Мұндай тосын жаңалықты Ауыл шаруашылғы министрі Айдарбек Сапаров айтып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген министр субсидиядағы түрлі қылмыстық істер жайына тоқталып өтті. 

– Бұл жүйе жылдан-жылға өсіп жатыр. Жылына 450 млрд теңге субсидия бөлінеді. Қосымша нақтылау болса, 500-600 млрд теңгеге барады. Сондықтан, әрине, жүйені біз түзеп жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей, неше түрлі қылмыстық істер ашылып жатыр. Оны жалғыз антикор емес, өзіміз де сол жаққа беріп жатырмыз. Өйткені, субсидия автоматты түрде таратылады. Оның ішінде неше түрлі жағдайлар болады, – деді ол. 

Кооператив арқылы субсидия тартудың салдарынан ауылдағы халықтың малына қолдау жетпей қалғаны белгілі болып отыр. 

– Кооператив жағында кейбір субсидиялар бар. Атышулы, неше түрлі атақты істер шығып жатыр. Ауылдың малдарын қосып, субсидия қаражаты жетпеген жағдайлары бар. Мал шаруашылығымен айналысатындар бойынша қазір субсидиядан кету бағытында жұмыс тобын аштық. Ауыстыруға дайындап жатырмыз. Дайын етті ет комбинатына өткізу бойынша субсидияға ауысады. Оларды қолдау үшін жеңілдетілген 5 пайыздық несие беріледі. Осыған қағаз-құжаттарды дайындап, енгізбекпіз. Мұны бақылауға алып, ұстамасақ болмайды, – деп сөзін қорытындылады Айдарбек Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу