Мал шаруашылығының дамуына үлес қосқан үздік БАҚ өкілі марапатталды

1748

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында V малшылар слеті өтті.

Мал шаруашылығының дамуына үлес қосқан үздік БАҚ өкілі марапатталды

 

Шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев, қаржы институттары басшылары, мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдары, сондай-ақ Атырау,  Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Павлодар облыстарының аграрлары қатысты, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

Слет аясында жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өнімдерінің, ветеринарлық техника және  жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, семинар өткізіліп, онда селекциялық мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.

"Барлық салалық ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен осындай ауқымды шараға қатысқаныма қуаныштымын. Мемлекеттік "Сыбаға" бағдарламасын кезінде алғашқылардың бірі боп Қызылорда облысының қолдап, жүзеге асырғанын және жақсы нәтиже көрсеткенін ерекше атап өткім келеді", – деді Сапархан Омаров.

Дәстүр бойынша слет аясында аграрлық саланың ең үздік қызметкерлерін 11 номинация бойынша марапаттау рәсімі өтті: Асыл тұқымды мал өсіретін үздік репродуктор шаруашылық; ет бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативі; үздік сүт бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативі; үздік мал өнімдерін өңдеу кәсіпорны; үздік құс шаруашылығы;  үздік бақташы; үздік шопан; үздік жылқышы; үздік түйекеш; үздік ветеринар; мал шаруашылығы саласының дамуына үлес қосқан үздік БАҚ өкілі.

Іс-шара концерттік бағдарлама мен ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстармен жалғасын тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу