Мал шаруашылығының жылдық жалпы өнімі 13,2 пайыз өскен

1190

Мал шаруашылығының ең қарқынды өсімі Алматы облысында байқалды. Облыстағы өсім алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,8% ұлғайып, 355,8 млрд теңгеге жетті.

Мал шаруашылығының жылдық жалпы өнімі 13,2 пайыз өскен

2018 жылдың қорытындысы бойынша, мал шаруашылығының жылдық жалпы өнімі 13,2% өсіп, 2 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды abctv.kz.

Мал шаруашылығының ең қарқынды өсімі Алматы облысында байқалды. Облыстағы өсім алдыңғы жылмен салыстырғанда 17,8% ұлғайып, 355,8 млрд теңгеге жетсе, екінші орындағы Шығыс Қазақстан облысында 11% өсіп, 291,8 млрд теңгені құрады. Ал Түркістан облысында мал шаруашылығының жалпы өнімі 255,7 млрд теңгені құраған. Одан кейін тиісінше Қарағанды облысы – 155,4 млрд теңге, Ақтөбе облысы – 148,1 млрд теңге, СҚО – 146,1 млрд теңге, Ақмола облысы – 136,8 млрд теңге, Жамбыл облысы – 120,2 млрд теңге, Қостанай облысы 117,7 млрд теңге және Павлодар облысы 116,2 млрд теңгенің өнімін шығарған. Өз кезегінде БҚО, Атырау облысы, Қызылорда мен Маңғыстау облыстары тиісінше 90,8 млрд теңге, 39,8 млрд теңге, 39,4 млрд теңге және 12,4 млрд теңгенің өнімін шығарған. Ал Шымкент, Алматы мен Астана қалалары сәйкесінше 16,6 млрд теңге, 1,6 млрд теңге және 0,2 млрд теңгенің өнімін өндірген екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу