Мал терісіне майлы бояумен сурет салатын шеберлер кәсіп бастады

1802

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында теріге майлы бояумен сурет салатын шеберлер тұрады. Жетібай ауылының тұрғындары Дәулет Мұқашев тері өңдесе, Жасұлан Егеубай оған мазмұнды тақырыптарды бейнелейді. 

Мал терісіне майлы бояумен сурет салатын шеберлер кәсіп бастады

Дәулет Мұқашев құсбегілікті бала күнінен армандап, есейгенде қолға алды. Қазір ол ат құлағында ойнап, тазы ит және қыран бүркіттерімен аңға шығады. Қанжығасы майланып, түлкі, қызыл қасқыр, қарсақ аулаған күндері терісін тастамай, өңдеп алады. Ауылдасы суретші Жасұлан Егеубайға ұсыныс жасап, жаңа кәсіпті жуырда бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қос шебердің алғашқы туындысы қойдың терісіне салынды. Оған саятшылық өнердің көрінісі бейнеленді. Картинаның әлі бояуы да кеппеген. Теріні өңдеуді қоспағанда, сурет салуға 3-4 күн керек. 

"Бір қызығы суретті бұл жолы қағазға емес, аңның иеленген терісіне салу керек болды. Майлы бояумен салу арқылы 3 күн уақытымыз кетті. Бұл әдіспен сурет салу оңай болған жоқ. Дегенмен нәтижесі керемет. Халықтың көңілінен шықты. Аң терісіне сурет салуды жалғастырамыз", – деді Жасұлан Егеубаев. Шеберлер алдағы уақытта көрме ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу