Мал ұрлады деген күдікпен екі әскери қызметші жауапқа тартылып отыр

916

Шымкент әскери гарнизоны сотында барымташылықпен айналысқан қылмыстық топ ісіне қатысты сот процесі басталды.

Мал ұрлады деген күдікпен екі әскери қызметші жауапқа тартылып отыр

6 адамнан құралған қылмыстық топ мүшелері қатарында Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің екі қызметкері бар. Оның бірі Сарыағаштағы 2020 әскери бөлімінің шекара заставасында, екіншісі Сарыағаш шекара қызметінің бақылаушысы қызметін атқарып келген. Ал қалғаны олардың сыбайластары.

Прокурор Сапарғали Теменұлының айтуынша, барымташылар бұл кәсіпті өткен жылдың шілде айында бастапты. Осылайша қылмыстық топ бес ай бойы Түркістан олысы, Келес ауданында жәбірленушілерді шығынға батырып келген. Күдіктілер тек жайылымдағы малдарды емес, қорадағы төрт түлікті де қолды етіпті және оны нарықтағы бағадан арзан бағада сатып келген. Төрт түлікті көлікке тиеп әкетіп отырған күдіктілер осы уақытқа дейін 11 малды қолды қылған.  Белгілі болғаны, айыпталушылардың жәбірленушілерге келтірген шығын көлемі 3 млн теңгеден астам. Жәбірленушілердің айтуынша, шығын қайтарылған.

Айта кетейік, егер қылмыстық топтың кінәсі толық дәлелденсе, олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.  

Жансая Тәуекелқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу